Жаңа қаулы: 15 шілдеге дейін вакцина алу міндеттеледі

2550
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/84e51e03-b8c8-438d-805d-1013d924fa49.jpeg
15 шілдегп дейін вакцина алу міндеттеледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жаңа қаулыда: Мынадай ұйымдардың қызметкерлері вакцина алмаған жағдайда жұмыс істей алмайды: • Қызмет көрсету объектілері; • Халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің; • мәдениет және демалыс объектілерінің; • халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің; • жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар; • білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының; • санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің; • қоғамдық тамақтану объектілерінің; • барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің; • денсаулық сақтау ұйымдарының; • дәріхана ұйымдарының; • тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің ; • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың; • демалыс объектілерінің; • ойын-сауық ойын объектілерінің; • байланыс және телекоммуникация объектілерінің; Ал вакцинация алмаған қызметкерлер 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР-тестілеуден өтуі керек. Облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, "Атамекен" ҰКП-ға, ұлттық компанияларға, ұйымдардың басшыларына, жеке және заңды тұлғаларға Сovid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді міндетті түрде шектеу тапсырылды. 1) 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын; 2) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін; 3) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Комментарии