Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алаш Орда»: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Сол конференцияда баяндама жасаған алаштанушы Аманқос Мектеп-тегінің материялын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Асылы, бұған жауап іздемес бұрын сәл шегініс жасап, Ахаңның ата тегінен дерек бере кеткен жөн. Ағартушы-ғалымның қары атасы Шошақ ауыздыға дес бермеген аса шешен болған, шарт жүгініп, саңқылдап сөйлегенде арғын, қыпшақта бетіне қарсы жан келмеген екен. Жарықтық 44 жасында қара қадақтан қайтыс болыпты. Шошақтан Ақтас, Байтұрсын, Сабалақ, Ерғазы, Ермағамбет тарайды. Байтұрсыннан Қали, Кәкіш, Ахмет, Мәшен. Шошақ екінші ұлын Байтұрсын қоюында гәп бар екен. Жалпы, қазақ перзентіне ат қойғанда есімге бағдарламалық сыр-сипат дарытып, ақпараттық мағына үстеген, қоғамдық-әлеуметтік жауапкершілік жүктеген. Есім беру арқылы Тәңірге тілегін білдіріп, дұғасындай сан мәрте атаған сайын Жаратқанның құлағына шалынып, ізгі ниеті мүлтіксіз орындалады деген бек сенім ұялаған. Көптің сөзі киелі. Сөз – көзге көрінбейтін энергия. Сөз сүйектен өтеді. Бай+тұрсын деп көздің құрты дүниеқор емес, рухы бай болсын деген ізгі ниеттен туған. Дүниедегі бірінші бай – Құдай. Өйткені дүниедегі күллі материалдық және рухани байлық атаулы – Құдайдың иелігі мен құзырында. Сондықтан қазақтар саналы түрде жан дүниесі бай болуды арман-аңсары санады. Демек, қазақ табиғаты мен қанында тектілік, бекзаттық, ар-ұжданы кіршіксіз таза асқақ сезім құдіреті тулады.
Ардақты Ахаңды әкесі Байтұрсын Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне берген. Бұдан соң Ахаң талап қылып Орынбордағы мұғалімдік мектепті (семинарияны) бітірген. Ұлы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Ахаңның тәртіпті мектептен алған барлық оқуы осы»1.
– Университеттік білімі жоқ жанның сан салалы өнер-білім, мәдениет пен ғылымның шыңын бағындыру сыры неде? – деген заңды сұрақ туады.
Ахаң дархан дала табиғатын игерген көшпелі қазақ өркениетінің даналығына суарылып өсті. Табиғатынан халықтық педагогиканың уызына емін-еркін қаныққан Ахмет Байтұрсынұлы қоршаған дүниенің тылсым сыр-сипатын тануға деген ғаламат құштарлық сезімі нені болса да бар ықылас, зейін-зердесімен салыстыра-салғастыра тергеп, ой сүзгісінен сан қайтара елеп-екшеп, талдауға машықтануына, ақиқатын пайымдау, ғылыми тұжырым жасау қабілетінің дамуына себеп болды.
Жалпы, Алаш азаматтарының бәріне тән феномендік құбылыс ретінде даралануы – халықтық дәстүрлі тәлім-тәрбиенің мәйегінен еміп, аяқтануы ұлыттық мүдде деңгейінен пайымдауды қалыптастырды. Ахаң сияқты Міржақып Дулатұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Молдағали Жолдыбайұлы, Аспандиар Кенжин, тағысын тағы біртуар тұлғалардың бар бітірген ең жоғарғы білім ордасы – мұғалімдік семинария. Солай бола тұра, халқының ар-ұжданынан жаратылған олар – ғылымның әр саласындағы тұңғыш төлтума оқулықтарды жазып, ана тілінде алғаш терминдік атауларды түзген, оқу-әдістемесін негіздеген ізашар, әмбебап жандар еді. Сондықтан Ресей империясының тізесі батқан қазақ халқының қоғамдық жан-жақты еркін дамуын күшпен тежеудің нәтижесінде қалыптасқан рухани вакуумның орнын толтыруға ХХ ғасырдың басында Алаш азаматтары ең қысқа мерзім аралығында қол жеткізді. Әрқайсысы мыңға татитын Алаш арыстары бас-аяғы санаулы жылдар ішінде халқын мәдени-рухани ағартып, саяси-әлеуметтік белсенділігі оянуына, федерация құрамында өз билігі өзінде дербес автономиясын орнатты. Демек, бүгінгідей баз біреулердің үлгі-өнегесіне жүгініп, оқу-білім жүйесіне еліктеп-солықтап, дағдарысқа түсіп, тоқырамай-ақ Алаш арыстары өз ақыл-парасатымен қазақ ұлытына лайық, сол дәуір талабына сай дәрежеде жол мен жөнін тапқанына тарих куә. Егер Алаш азаматтарын қызыл империя зұлымдықпен зәбірлеп, қуғын-сүргінге ұшыратып, нақақтан-нақақ жаппай жазалап, күшпен жоймаса, Қазақия, қазақ ұлыты жасампаздығымен төрткүл әлемді мойындатқан даңқты мемлекет қатарынан көрінеріне еш күмән жоқ еді.
Ахмет Байтұрсынұлын патша әкімшілігі 1909 жылы Семейдегі абақтыға жапқанда генерал-губернатор Тройницкий мырза:
СІЛТЕМЕЛЕР: 1 Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 18-бет. 2 Киргизский народный поэт в тюрьме. “Современное слова”, №682, 19/XI-1909 года, С-Петербург. 3 Әбіш Кекілбайұлы. 4 Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. Екі харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран Шариф басым комбинаты. 5 Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы, 1961. –472–473-беттер. 6 https://www.facebook.com/ligaizbirateley. 7 https://www.centrasia.ru/ntwsA.php 8 А.Ісмақова. «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» / Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 2-т. – Алматы: «Алаш», – 2004. – 7-бет. 9 Оқу құралы. III–IV інші жылдарда оқылатұн кітәб. Екінші басылуы. Қызылорда, 1927. (Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 2-т. – Алматы: «Алаш», – 2004. –172–173-беттер.). 10 Байтұрсынұлы Ахмет. Бастауыш мектеп. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992, – 435-б. 11 Первый всесоюзный тюркологический съезд. 26 февраля – 5 марта 1926 г. (Стенографический отчет). Баку, 1926. – 167–168 стр.
Табиғатты жаратқан Құдай,
Мәдениетті жаратқан адам
Максим Горький
Рухани көсем, тамаша ақын, шебер аудармашы, өнертанушы, композитор, ғұлама ғалым, ұлығ ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы – ұлыттық білім-ғылым, мәдениет саласын жаңашылдықпен биік сатыға көтерген ардақты есім. Араб қарпті қазақтың дыбыс жүйесіне негізделген төл әліпбиі, ана тіліндегі тұңғыш «Әліппе» (Оқу құралы), «Дыбыс жүйесі», «Сөз жүйесі», «Сөйлем жүйесі» үш кітаптан тұратын «Тіл – құрал» (Оқулығы), «Баяншы», «Әдебиет танытқыш», таза қазақ емлесімен «Қазақ» газетін (1913–1918) шығарып тұруы, «Мәдениет тарихы» (баспаға өткізіле сала тәркіленген) еңбектері, ұлыттық ғылым тілін жүйелеуге қосқан сүбелі үлесі, оның сыртында қоғамдық өмірдің сан алуан саласына үн қосқан жүздеген көсемсөз мақалалары және Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық комитеттің мүшесі, Республика Халық ағарту комиссары, Бүкіл Одақ Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстанда тұңғыш ұйымдастырылған Академиялық Орталықтың төрағасы, Ғылыми-көркемдік Кеңестің төрағасы, мүшесі тағысын тағы жауапты қызметтері соның айғағы. Егер Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрген патша өкіметі тұсында да, кеңестік дәуірде де билік тарапынан ұдайы қысым жасалып, қудаланбағанда, оның ұлыт мәдениеті мен ғылымына қосар үлесі мұнан да бірнеше есе асып түсеріне еш күмән жоқ. Осы ретте дархан талант, дана тұлғаның ғарыштық сананы игеруіне рухани нәр берген бұлақ көзі, білім ошағы кімді де болса қызықтырары сөзсіз.
- «Өткен қыста орыс-қазақ мектебінің оқушылары қала тұрғыны бір сартпен төбелескен.
- Мектепте орыс оқушылары жоқ.
- 1905 жылы патша ағзамға жазған арыз-тілекке қатысқан.
- Бірінші Мемлекеттік Думаның мүшесі Әлихан Бөкейхан, сайлаушы Жақып Ақбайұлымен таныстығы.
- Орыс-жапон соғысы жылдары патриоттық белсенділік танытпады.
- Елді алым-салық төлеуден бас тартуға үгіттеді.
- Қазақ арасында сператизммен айналысуды насихаттады»2, – деген айыптар тақты.
Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ,
алаштанушы-ғалым
СІЛТЕМЕЛЕР: 1 Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 18-бет. 2 Киргизский народный поэт в тюрьме. “Современное слова”, №682, 19/XI-1909 года, С-Петербург. 3 Әбіш Кекілбайұлы. 4 Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. Екі харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран Шариф басым комбинаты. 5 Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы, 1961. –472–473-беттер. 6 https://www.facebook.com/ligaizbirateley. 7 https://www.centrasia.ru/ntwsA.php 8 А.Ісмақова. «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» / Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 2-т. – Алматы: «Алаш», – 2004. – 7-бет. 9 Оқу құралы. III–IV інші жылдарда оқылатұн кітәб. Екінші басылуы. Қызылорда, 1927. (Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 2-т. – Алматы: «Алаш», – 2004. –172–173-беттер.). 10 Байтұрсынұлы Ахмет. Бастауыш мектеп. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992, – 435-б. 11 Первый всесоюзный тюркологический съезд. 26 февраля – 5 марта 1926 г. (Стенографический отчет). Баку, 1926. – 167–168 стр.