Қазақстанның бес облысында аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды

4072
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/izobrazhenie_2021-06-28_172704.png
29 маусымда Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м / с. Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м / с. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 18 м / с. Қызылорда облысында күндіз 40-42 градус ыстық болады, өте жоғары аптап қаупі бар. Қызылордада күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Алматы облысында кей жерлерде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше аптап қаупі сақталады. Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соғатын жел, шығыстан соққан желдің екпіні 15 м / с.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии