Қашықтан жұмыс істегіңіз келе ме?

735

Қашықтан жұмыс істеу туралы заң Сенатта мақұлданды. Енді қызметі бар қазақстандықтар басшысымен өзара келісіп, үйінен еңбек ете алады. Азаматтар қалай, қандай құралмен жұмыс істеймін деп бас ауыртпайды. Өйткені жұмыс беруші қол астындағы маманға керек құрылғы мен саймандарды өзі тауып беруге міндетті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Заңды дайындаған депутат Нариман Төреғалиевтің сөзінше, қашықтан және өз орнында қызмет етушінің  жалақысы да бірдей болмақ. Сондай-ақ депутат пандемияда әлемдегі ірі компаниялар қызметкерлерін қашықтан не аралас жұмыс режиміне өткізгенін айтып, Қазақстан да тың бастамадан қалыс қалмауы керектігін алға тартты.  Сонымен депутаттар құжатқа 44 түзету енгізіп, оны Президентке жолдады.

"Еңбек шарты тараптарының келісуі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін. Сонымен бірге, орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда жұмыс берушіге, қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік бермейтін норма енгізілді", — дейді сенатор Нариман Төреғалиев.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы