Талғат Мұсабаев: "Маған негізсіз айып тағылды"

7316
Adyrna.kz Telegram

Сенатор, белгілі ғарышкер Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz-ке" сілтеме жасап.

"24 маусым күні Триатлон саябағында болған оқиғаға байланысты былай дегім келеді. Серігіммен кешегі серуен кезінде ит жетектеген қыз бізге қарсы жүгіретін жолақпен келе жатты. Оған итінің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасадым, себебі мұны басқа адамдарға қауіпті деп санадым. Бірақ бізге жағымсыз әрі дөрекі жауап айтылды, әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзі де жазды", - деді Т.Мұсабаев.

Оның айтуынша, қыз полиция шақыртқаннан кейін полицейлер келуін күтіп, куәлік беруге, өз құқығын заң бойынша қорғауға дайын екенін жеткізген.

"Полицияның екі қызметкері келген соң түсінік берілді, арызданушы да түсінік берді. Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қол созып, кешірім сұрады. "Ұрып-соғу" туралы айыптау негізсіз деп есептеймін", - деді ол.

Еске салайық, Талғат Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртас арасындағы жағдай 24 маусымда ит серуендеп жүргенде болған. Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер