Әлгі төртеудің арасында жақсы үлгерімімен көзге түскен «Алтын белгі» иелері де бар. Олар жалған құжат жасап, орнына өзге адамды өткізбек болғандары үшін ұсталған.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жалпы биыл елімізде 190 мың түлек мемлекеттік емтиханнан өтіп, тестілеу нәтижесімен танысқан.
Ұлттық тестілеу орталығы басшысының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, түлектерге сынақ тасыруға екі мүмкіндік беріледі. Дегенмен талап қатал. Себебі камераға оқушының жауапты көшіргені жазылса, бірден тест тапсыру мүмкіндігінен айырылады.
«Өте қатты қиын сұрақтар жоқ. Мысалы, математиканы салыстыратын болсақ, көрші елдермен салыстырсақ, ең жеңіл математика тесттері бізде деп айтуға болады, онда да 11-сыныптарға арналған. Сондықтан қатал түрде өткені дұрыс деп ойлаймын», — дейді Білім беру орталығының басшысы Бөгенбай
«Бізде бір тестіленуші өзінің жоғары жағындағы камераға скотч жабыстыруға талпынған. Енді адамның фантазиясы деген әр қилы ғой. Сондықтан әркім шамасы келгенше дайындалған болар», — дейді Н.Дидарбекова.
Айта кету керек, биыл Ұлттық біріңғай тестілеу маусымның 30-ына дейін жалғасады.
"Адырна" ұлттық порталы.