Олжас ӘБІЛ: Ауғанстанда АҚШ-тың орнын Анкара басуы мүмкін

2907

Жақындағы Таяу Шығыста болған Палестина - Израиль жанжалы кезінде Режеп Тайып Ердоғанның құлақ тұндырған үні көкке ұшып жаңғырып кеткен соң, күллі әлем ресми Анкараның бүгінгі ислам әлемінің жоқтаушысы екенін түсінгендей болды.

Оны Вашингтон да мойындады.
Американың Ауғанстандағы әскери базаларын қазір түріктер алмастырып жатыр. Қысқасы Байден мен Ердоған тіл табысты.
Байден Түркиясыз бұл аймақта ештеңе істей алмайтынын аңғарғандай болды.
Украина қазір Анкараны басты одақтасы ретінде қарастырып жатыр. Олар да бұлталақтаған Еуропадан шаршаған болуы керек. "і- іі, былай ғой.... Бізде Қырымда, сіздердің бауырларыңыз қырым татарлары бар еді"...

Грузия да Анкараға ұмтылды. Екі елдің сыртқы істер жөніндегі министірлері кездесіп ортақ мәселелер талқылап үлгерді. Ресми Тбилиси де аймаққа жаңа дерзкий ойыншы кіріп жатқанын керемет түсінді.
Ердоған өткенде Шушаға келді. Келді де іс жүзінде Әзірбайжанды НАТО ға қосқандай болды.
"Сендер үшін тұрып беремін, біреу тисе қалса біріге соғысамыз, сіздің дұшпан - біздің дұшпан". Болды.

Енді мынаны қарайық:
Бұдан төрт жыл бұрын Путин Ливия, Сирия деген елдерде ылаң салып жүргенді.
Бұл бұрыңғы Осман империясының аймағы болатын, яғни бұл елдер Түркияның мүдделі аймақтарының бірі еді.
Қазір Түркия ол аймақтардағы өз мүддесін батыл қорғай отырып, дәлірек айтсақ, ондағы жанжал ошақтарын тұншықтырып, одан соң Ресей ықпал ететін аймақтарға жарып кірді десе де болады.
Өткенде Түрік әскерилері Өзбекстан әскерімен бірге әскери жаттығу өткізді.
Ердоған қазір Әзірбайжаннан батыл түрде әскери база сұрап отыр. Ондағы Әлиевтің қолымен Кавказға біржола орнықпақшы.
Ердоған Украинамен қорғаныс саласында ынтымақтасып отыр.
Ал Ресей қазір тек қорғанысқа көшті десе де болады. Әлсіздеу үн қатып қояды...
Меніңше, жаңа геосаяси ойындар қызып, бір толқын қарқын алып келе жатқан сияқты.
Артын аңдалық, байқалық...

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар