Пәнаралық зерттеулер

4989
Adyrna.kz Telegram
Қазақ жерінде құдық қазу ісі ерте кезеңнен қалыптасқан. Археологтар қола дәуіріне саятын Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан, Батыс Қазақстандағы Тастыбұлақ қонысынан қазылған цилиндр тәрізді құдықтардың орнын тапқан. Сол заманның өзінде ежелгі тайпалар құдық қазудың күрделі технологиясын меңгерген. Құдықтар қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде ауыз суды қамтумен бірге, мал суару жүзеге асыруда маңызды роль атқарған. Көш жолдарын жалғап жатқан құдықтардың маңызды бекет саналды. Маңғыстау мен Үстіртте көш жолдарын құдықтар жалған жатты. Суы тұщы, әрі аса терең емес жерден бір-біріне жақындау етіліп, оншақты құдыққа дейін қазылған. Құдық қазу өте ауыр жұмыс болған. Құдық қазумен арнайы осы істі кәсіп қылған, судың көзін тани білетін шеберлер – құдықшылар айналысты. Шыңырау құдықтардағы жердің тасты қабатын, таза су көздеріне жеткенше ұңғып қазған. Кей жерде тасты қабат 40 метрге дейін жеткен. Құдықшылар диаметрі 1-1,5 метр құдық ішінде отырып жұмыс жасаған, жаздың күні құдық тереңдігінде тон киіп қазған. Құдықтардың әр түрлі атаулары мен түрлерінің қалыптасуы оның орналасқан жері, иесі, тереңдігі мен суының көлеміне байланысты.Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы »


Пікірлер