Ауғанстанда «Талибан» ұйымы бірнеше аймақты басып алды

988

Бірнеше елде тыйым салынған «Талибан» радикалды ұйымы Ауғанстанның Кундуз провинциясындағы Шерхон-Бандар шекара комиссариатына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Тәжік шекарашылары гуманизм мен тату көршілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік шекарадан өткен ауған әскери күштеріне Тәжікстан аумағына кедергісіз кіруге рұқсат берді. ИРА әскери қызметшілерінің арасында төрт адам жараланды және біреуі қаза тапты", - делінген хабарламада.

Баспасөз орталығының мәліметінше, Ауғанстанмен шекара сызығындағы жағдай шиеленісті деп бағаланады.

"Шерхон Бандар аумағында жараланған, қаза тапқан және тұтқынға алынған ауған әскерлерінің жалпы саны жүз адамға жетеді. Расталған ақпаратқа сәйкес, соңғы он күнде Тәжікстанмен шектесетін ИРА-ның төрт провинциясында үкімет күштері мен "Талибан"қозғалысы арасында қақтығыстар болып жатыр. Нәтижесінде Чахеб, Янги Калъа, Даркад, Дашти Кала уездері, Тахор провинциясының Ходжагор уездері, сондай-ақ "Шерхон - Бандар" және "Кокул" БӨП талибтердің бақылауына өтті",— деп жазды Тәжікстан ҰҚК Шекара әскерлерінің баспасөз орталығы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы