«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер фестивалі басталды

705

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер фестивалі басталды.

Аталмыш шара 22-24 маусым аралығында Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында өткізу жоспарланған. Фестивальдың салтанатты ашылуы Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бастау алып, Жамбыл ауданында жалғасты. Еліміздің әр өңірінен жиналған филармония басшылары Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейіне келіп, Жамбыл мен Н.Тілендиевтің рухына құран бағыштады. Жамбыл Жабаевтың муражайын зиарат етті. Аудан әкімі Нұрлан Ертас алыстан келген қонақтарды қарсы алып, мәдениет үйінде орналасқан ұлттық салт-дәстүр, қолөнер бұйымдары, фотосуреттер көрмесін бірге тамашалады. Мәдениет үйінің мәжіліс залында өңірдің өнерімен мәдени дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатын Алматы облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Әлімжанқызы жүргізді. Шара соңындағы думанды концертте аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы сөз сөйлеп, барша келген қонақтарды мәдени шараның ашылуымен құттықтады.

Пікірлер
Редакция таңдауы