Елордада ер адам бұрынғы сүйіктісін қайтару үшін үшінші қабаттан секірмек болды

3028
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан полицейлері "үшінші қабаттан секіремін" деп қорқытқан қатардағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Елорда полицейлері үшінші қабаттың балконынан секірмек болған мас күйінде жанжал шығарған адамның өмірін сақтап қалды. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шақыртуға келген болатын. Полицияға сағат 07.40-та «102» арнасына ер адамның жанжал шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушының бұрынғы бөлмелесі оның үйіне мас күйінде келгені анықталды. 25 жастағы жас жігіт егер оған бұрынғы махаббаты оралмаса, үшінші қабаттан секіремін деп қорқытты", - делінген ҚР ІІМ ресми сайтының хабарламасында.

Қоңырауға автопатруль келді. Патрульдік полиция полкінің инспекторлары пәтерге көтеріліп, терезе үстінде отырып, қолына пышақ ұстаған адамды көрді. Тәртіп сақшылары ер адамның назарын аударып, оны қарусыздандырып, содан кейін оны пәтерге сүйреп кіргізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мүмкін болған қайғылы жағдайдың алдын алды. Мұндай фактілерді болдырмау үшін онымен профилактикалық әңгіме өткізілді, - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер