Жамбыл облысына 100 миллиардқа жуық инвестиция құйылды

2457
Adyrna.kz Telegram

Дүйсенбі, 21 маусымда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихат барысында облыстың ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сонымен, пандемиялық және карантиндік шаралардың кері әсеріне қарамастан, Жамбыл облысындағы ел басшылығының қолдауының арқасында экономикалық өсімнің оң динамикасын ұстап тұруға мүмкіндік туды, ол 101,6% құрады.

"Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,7% -ға өсіп, 230,3 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы - 2,9%-ға артып, (55,1 млрд теңге), құрылыс - 6,5% (31,4 млрд теңгені құрады), пайдалануға  204,3 мың ш.м тұрғын үй енгізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға артық", деді Бердібек Сапарбаев.

Инвестициялар саласында айтарлықтай өсім - 21,1%-ды көрсетті. Биыл облыс экономикасына 98,2 миллиард теңге тартылды.

"Биылғы жылы жалпы құны 436 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 74,1 млрд теңгенің бес жобасы пайдалануға берілді", деп қосты Сапарбаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер