Жамбылда жезөкше притоны әшкереленді

2251
Adyrna.kz Telegram

Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Стоп-Трафик» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 36 жастағы әйелді ұстады»,– делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

Профилактикалық есепке "сутенер" санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 1 әйел қойылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер