Қуат Хамитов украиналық қарсыласын сұлатты

2335
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/kuat.jpg

Атырауда Mergen Fighting Championship - MFC 1 турнирінде Қуат Хамитов украиналық қарсыласын жеңді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Қуат Хамитов украиналық Роман Головиновпен жекпе-жекке шықты. Жалпы олардың жұдырықтасуы үш раундқа созылады деп жоспарланыпты. Алайда Хамитов өз қарсыласын қылғындыру арқылы жеңген.  Айта кетсек бұл — "Найманның" (Қуат Хамитов) MMA-дағы 21-ші жеңісі. Бұған қоса ол жеті рет қарсыласынан жеңіліп, бір рет тең түскен.  Енді ол Алматыда ресейлік Мариф Пираевпен жекпе-жекке шығады.   

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии