Журналисттермен бірге өткізген пресс-конференцияда Путин қатты қобалжыды

4272
Adyrna.kz Telegram

Женевада өткен пресс-конференцияда Путин журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Онда Путинге Украина мәселесі бойынша, Арктика мәселелері бойынша, басқа да әлемдік масштабтағы саяси жағдайлар бойынша сұрақтар қардай жауды. Путин журналисттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қатты қобалжыды.

Украинаға қатысты сұрақтарға Украинаны кінәлай сөйледі. Ол өз сөзінде:

«Біз шекара маңынан өзіміздің әскери техникаларымызды алып кеттік. Бірақ Украина әскерін сол бойы шекара маңына қалдырды. Украина АҚШ пен Еуропаға арқа сүйеді.

АҚШ-та әр күні атыстан адам өлімі болады. Сондықтан да АҚШ әлемдегі демократия бойынша сөз қойзғамай-ақ қойсын. АҚШ Ауғанстанға да адам құқы мен демократияны желеутеліп, басып кірді. Қаншама қан төгілді. Бірақ АҚШ оны мойындамайды. Бәрін исламдық экстремисттерге аудара салады.

АҚШ Гуантанама түрмелерінде де талай қылмыстарды жүзеге асырып отыр. Оны халықаралық БАҚ-тарға шығармайды.  Гуантанамадағы азаптаулар АҚШ-тың ұстанған демократиясы ма?

АҚШ Иракқа да Ауғанстандағы сценарийді қолданды. АҚШ-тың демократиясы мен адам құқын  қорғауы осы ма?

Біз Арктиканы халықаралық шарттар мен талаптарға сай пайдаланып келеміз. Ал, АҚШ болса Арктикаға тікелей баса көктеп кірмек. 1882 жылы Арктиканы пайдаланудың арнайы конвенциясы қабылданған. АҚШ бұл конвенцияда көрсетілген шарттарды бұзып отыр.

АҚШ-тағы президент сайлауы бойынша айта кетейін. АҚШ президент сайлауы кезінде Ресей тарапынан кибер шабуылдар болды деп Ресейді айыптаумен келеді. Біз оны жоққа шығарамыз. АҚШ-та президент сайлауы әділ өтті дей алмаймын. Дональд Трамптың жақтаушыларын қудалап, 400 адамға қылмыстық іс қозғады. Осы ма демократия?..."

Халықаралық БАҚ-тардың журналисттеріне жауап берерде Путин осы негізгі мәселелерді атап өтті. Бірақ қатты қобалжыды.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер