Метромен қатынайды: әлемдегі ең қарапайым актер туралы 10 факт

3271
Adyrna.kz Telegram

- Мен ешқашан ақшаға құмар болған емеспін, бұл менің актер болғанымнан емес, тек мен ешқашан атақ қуған емеспін.
Киану Ривз

Канадалық актер Киану Ривздің қатысуымен түскен әрбір кино сіздер үшін қаншалықты қызықты екенін білеміз. Сондықтан біз осы мақалада оның кинодан тыс өмірінен 10 факт айтуды жөн көрдік.

Создать мем "киану ривз в метро, keanu reeves metro, киану ривз прикольные фото" - Картинки - Meme-arsenal.com Киану Ривз метрода

Киану Ривз - канадалық актер, режиссер және музыкант. Оның ең танымал фильмі - «Матрица». Бірақ оның барлық рөлдері ерекше және бірден көзге түседі. Басты рөлді сомдауда Киану Голливудтың басқа да көптеген жұлдыздарынан асып өткен дейді.

1. Актер есімі гавай тілінде Киану деп қойылған, себебі оның әкесі Гавайлық болған. Гавай тілінен аударғанда: Киану - «таулардың үстіндегі салқын жел» деген мағына береді. Жаңа романға арналған шедевр атауы сияқты көрінеді, бірақ бұл жай ғана қарапайым актердің аты.

2. Киану Торонтоны өзінің туған жері деп санайды. Дегенмен оның отбасы Канадаға дейін көптеген қалаларда сапар шеккен: Нью-Йорк, Сидней және т.б

3. Киану мектеп аттестатын алмаған. Мәселе мектебінің жиі ауысуына байланысты бала сабақтан өте артта қалды. Содан кейін болашақ актер хоккейге, шахматқа әуес болды және театрды жақсы көрді.

4. Киану Ривз мектептен шығарылғаннан кейін жертөледе сүйіктісімен тұруға көшкен уақыт болды. Содан кейін ол үш жұмысты қатар алып жүрді: газондар мен гүлзарларды қырқу, коньки қайрау және спагетти дайындау сынды жұмыстар істеді.

5. 2000 жылы Киану Дженнифер Симмен үйленіп, қызды боламыз жоспарлаған, бірақ ауыр жағдай орын алып - баласы өлі туылды. Ал 2001 жылы әйелі Дженнифер жол апатынан қайтыс болды.

6. 2001 жылы Кианудың әпкесіне лейкемия диагнозы қойылды. Содан кейін актер әпкесін құтқару үшін көп күш пен ақша жұмсаған. Ауруды жеңе алды. Кейіннен бұл нәубеттің қаншалықты қиын екенін ұғынған Киану қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесетін қор ашты.

7. Киану өзінің туған күндерін өте қарапайым өткізеді: ол жай ғана шығып, өзін таныған адамдардың құттықтауларын қабыл алады.

8. «Матрицаның» барлық бөлімінде сомдаған рөлі үшін Киану өте қомақты мөлшерде қаражат алды. Таңқаларлығы, ол осы соманың 80 миллионын 114 жұмысшыға беріп, каскадерлерге жаңа Harley Davidson мотоциклін сыйлады.

9. Киану Ривз - дислексиямен қиналады. Яғни, оқу және жазу дағдыларын игеруде қиындықтар туындайды.

10. Киану Ривз - солақай және өте қарапайым актер. Қарапайымдылығы сонша ол әлі күнге дейін метромен қатынайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер