Ресейде ер адам бес жасар жиенінің саусақтарын шауып тастады

2443
Adyrna.kz Telegram

Бурятияда бес жасар қыздың саусақтарын кесіп тастаған ер адам сотталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аймақтағы ТФР Тергеу басқармасынан REGNUM АА хабарлағандай, осы факті бойынша бес жасар қызға қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіру бойынша қозғалған қылмыстық іс аяқталды. Айыпталушы қыздың 47 жастағы ағасы.

Тергеу мәліметтері бойынша, 31 тамызда жәбірленуші әкесімен және нағашысымен бірге Прибайкальский ауданы, Покровка ауылының маңындағы шөп шабылатын жерге барған. Кешке ер адамдар алкогольдік ішімдіктер ішіп, қыздың әкесі үйіне қайтып кеткен. Ол қызын ормандағы туысының үйіне тастап кеткен.

Ағасы жиеніне планшет беріп, онымен қыз ойнай бастады. Бірақ кейіннен оны кездейсоқ құлатып, сындырып алды. Баланың теріс қылықтарына ашуланған мас адам, қыздың сол қолын бөрене үстіне қойып, жәбірленушінің саусақтарын балтамен шауып, оның қолының 3 және 4 саусақтарына зақым келтірген, деп мәлімет берді аймақ бойынша тергеу департаментінің баспасөз қызметі

Осыдан кейін ағасы жиенін үйіне алып барып, оны қоршауға тастап кеткен. Қыздың ата-анасы қан-жоса болған қызын көргенде жедел жәрдем шақырған.

Хабарламаға сәйкес, дәрігерлер бір саусағының фалангасын қайта тігіп үлгерді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер