Балаларға 42 500 теңге жоқ: Зейнет жасы төмендей ме?

3871

Балалардың жәрдемақысын көтеріп, әрқайсына 42 500 теңгеден төлеуге мүмкіндік жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланған сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, министрлікте бөлінген қаржы әрбір тиынына дейін есептелген екен. Сондықтан жәрдемақылардың барлығын бір төлемге біріктіретін болса, басқа санатқа кіретін адамдарға зейнетақы төлеуге қаржы жетпей қалуы мүмкін. Осы орайда, министр бұл мәселелерді қамту мақсатында әлеуметтік кодекс дайындалып жатқанын жеткіздлі. Мамандар, әлемдік тәжірибені жан-жақты зерделеп, жаңа құжаттың аясында әлеуметтік қолдаудың тиімді шараларын қарастырмақ, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Бірақ біз екінші жағын да ескеруіміз керек. Қазірдің өзінде 18 жасқа дейінгі 6 миллионнан астам балалар бар. Әрбіреуіне 42 500-ден есептесек, қомақты қаражат шығады. Мен айта кетер едім, біздің министрлікте қазіргі бюджеті 4 триллионға жақын. Республикалық бюджет, шамамен, 14 триллион теңге болады. Сонда қазірдің өзінде біз бюджеттің үштен бір бөлігін алып отырмыз. Соның 96% жәрдемақы мен зейнетақы сияқты кісілерге таратылып беріледі», - дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.

Сондай-ақ ведомство басшысы дәл қазір зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді. Өйткені белгіленген меже төмендетілетін болса, азаматтардың көп бөлігі қарттыққа дейін қажетті соманы жинап үлгермеуі мүмкін екен. Бірақ Серік Шәпкенов зейнетақы қаржысы аннуитетті болғандықтан, қорға салынған белгілі соманы мерзімінен бұрын алуға болады дейді. Мәселен биылдан бастап 55 жасқа дейінгі ер адамдар жинақтаушы қорында 11,3 млн теңгеден астам қаржы жинап үлгерсе, үстіндегі соманы алуға құқылы екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы