«Алтын белгі» иегері ҰБТ-да орнына басқа біреуді кіргізбек болды

4735
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) төрт талапкердің орнына елордалық екі жоғары оқу орнының студенттері кірмек болған. Жасөспірімдердің бұл әрекеті мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы әшкере болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Білім және ғылым министрлігі студенттердің мектеп оқушысының орнына кіру үшін жалған құжаттар жасағандарын хабарлады.

Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру Face-ID жүйесі биыл ҰБТ тапсыратын барлық орталықта енгізілген болатын. Осы жүйенің арқасында аталған заң бұзушылықтар анықталды.

«Бағдарлама тіпті егіздерді де анықтай алады. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ тапсыру кезінде заң бұзушылықтарды қалай анықтау керек екенін жақсы біледі. Тестілеуге өз орнына бөгде адамды кіргізбек болғандардың арасында «Алтын белгі» иегері де бар», - деді Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

11 сынып тұлектері мен олардың орнына тест тапсырмақ болғандар туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді. Оларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртаңба, мөрлерді, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер