Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (видео)

2368
Adyrna.kz Telegram

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 14 маусым күні таңертең Алатау ауданында болған.

«Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесінің оңтүстік бағытында келе жатып, кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргіншіні – С.есімді азаматты қағып кетті. Сондай-ақ, «Газель» автокөлігіне соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде»,– делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер