7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

2345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/da685ec9-cb6a-4279-8dc3-6bf34c637f47.jpeg
11 маусымда Алматы мен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромед.  Жұма күні ауа райы қандай болады Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұрқасын, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді. Бесқарағай аймағында өрт қаупі өте жоғары болады деп күтілуде. Күндіз Өскеменде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Семейде күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола облысында найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түстен кейін оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болмақ. Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с болады. Алматыда найзағай ойнайды деп болжанды. Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.
Комментарии