Маңғыстау 5 айдың қорытындысы бойынша өңірлер арасында көш басына шықты

2618
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/toғyz-3.jpg
Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында өңірлердің 5 айдағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші жарияланды. Маңғыстау облысы өте жақсы көрсеткішке ие болды. Өңдеу, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғынүй беру, сауда, көлік, жеке инвестиция яғни экономиканың барлық 7 бағыты бойынша оң өсімге қол жеткізді. - өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 104,5% ; - негізгі капиталға салынған инвестиция – 115,1% ; - ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 103% ; - құрылыс жұмыстарының көлемі – 109,1%; - тұрғын үйді іске қосу қарқыны – 106,3%; - сауда – 102,7%; - көлік және логстика – 108,1% деңгейінде қамтамасыз етіліп, оң өсімге қол жеткізілді. Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 4,5%-ға артып, 63,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде мәлімдеді.
«Облыста минералды тыңайтқыштар, битум және мұнай өнімдерін өндіру көлемі өскен. Мәселен Ақтаудағы «Каспий битум» зауыты 5 айда жалпы елімізде өндірілген жол битумының 48% қамтып отыр», - деді С.Трұмов.
Маңғыстау облысы әкімінің айтуынша, биыл бұл салада жалпы құны – 21,7 млрд. теңге болатын 8 жаңа жоба іске асырылуда. Нәтижесінде жаңадан 200-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии