Ұлтты масқаралайтын оқулық оқыту бағдарламасына енгізілді

2038
Adyrna.kz Telegram
Бұл кітаптар қазақ мектептеріндегі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар. ҚР Білім және Ғылым министрлігі сараптамасының оң қорытындысын алып, оқыту бағдарламасына енгізілген.
Кітап Қазақстан мектептері үшін даярланса да, аударма нұсқада. Экспресс Паблишин баспасы шығарған.
Яғни төл бағдарлама емес.
Бірден өзге елдің идеологиясын сіңіру.
Суреттерден көріп отырғандарыңыздай, екі-үш мемлекеттің туымен, сол елдерге тән ерекшеліктермен қойылған суреттерде өз елінде өгейлік көргендей, Қазақстан үнемі ең соңында, төменгі жағына орналастырылған.
Тағы бір мәселе, кітаптардың өн бойында қазақ балаларының келбеті бұрмаланып, сайқымазақ сияқты салынғаны несі деген сұрақ туындайды. Бір жерінде тұлымын желбіретіп, басын тақырлап салса, енді бірде ернін бояп қояды, енді бірде қазақы көйлектегі ұл бейнесінде береді.
Екінші сыныпқа арналған оқулықта қазақтың ұлттық тағамы ретінде лағманды көрсетсе, ұлттық дәстүріміздің ішінде пасха мен масленница неге жүр?
Қап-қара қолмен қазақтың оюы белгіленген кеседен шай да ұсынған суреттерді байқаймыз. Ондай қолдан кім шай ішкісі келеді?
Бұл тіптен сорақылық.
Шектен шыққандық!
Адамның дене мүшелерін таныстырғанда, жалбыраған шашты ұсқынсыз суреттен шошып та кетесің.
Кітаптың өне-бойында бала ұғымына, психологиясына кері әсер ететін, қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Осылайша, тере берсең шыға береді.
Сондықтан, оқулықтарды сараптамадан өткізгенде, оны бекіткенде, баспаға жіберер алдында ең алдымен Қазақстанның болашағына жауап беретін, ұлттық ұстыны мықты, өз Отанын аса қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу үшін не қажет деген сауалды бірінші орынға шығарған дұрыс деп есептеймін!
Бұл мәселені кешенді түрде бақылауға алатынымды мәлімдеймін.
Мақпал МЫСА,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер