«Күміс алқасын» бермеген: Көп балалы ана тиісті жеңілдіктерді ала алмай жүр

3010
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында 6 баланың анасы өзіне тиесілі «Күміс алқасын» ала алмай жүр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.

Ескелді ауданының тұрғыны Гүлнәр Тұралбаева мемлекеттік наградаға былтыр өтініш берген. Арада бір жылға жуық уақыт өтсе де тиісті органдар ешқандай жауап жолдамаған. Әкімдікке барса, «күтіңіз» деген сөзді ғана еститінін айтты.

«Балам ендігі айда екі жасқа толады. Маған тиесілі «Күміс алқаны» бермей отыр. Мен жеңілдіктерден қағылып отырмын. Бір жылдың өзінде 200 мыңдай ақша берілуі керек еді, бірақ оған да қол жеткізе алмадым», – дейді көп балалы ана Гүлнәр Тұралбаева.

Ал жергілікті әкімдіктегілер Гүлнәр Тұралбаеваның өтінішін өткен жылдың тамызында қабылдағандарын айтты. Барлық құжаттарды тексеріп, ары қарай тиісті органдарға жолдаған. Кейін Президент әкімшілігінен құжаттар қайта тексеру мақсатында кері қайтарылыпты.

«24 желтоқсан күні президент аппаратынан құжаттары қайтып келді. 3-баланың туу туралы куәлігі базадан дұрыс шықпаған. Содан кейін біз 14 қаңтар күні қайтадан құжаттарын өткізіп жібердік. 2 маусым күні президенттің 588-Қаулысымен награждения болды. Президент аппаратынан алқасы келгеннен кейін, біз алқасын ол кісіге табыстаймыз», – дейді Ескелді ауданы әкімі аппаратының бас маманы Маржан Манарқызы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер