Астроном ғалымдар ғарыштағы ең қуатты сәулеленуді тапты

4086
Adyrna.kz Telegram
Ғалымдар ең күшті гамма-сәулеленуді (GRB) тапты. Осы жолғы зерттеулердің нәтижесі гамма сәулеленулердің пайда болуы жайындағы көзқарастар мен идеяларды өзгертіп жіберді. Бұл туралы Science журналында хабарлады.
GRB 190829a сәулеленуі Эридан шоқжұлдыздар топтарында Fermi және Swift ғарыштық обсерваторияларының көмегімен тіркелді. Мамандардың айтуынша GRB сәулелену процесі шамамен 20 миллиард жарық жылы қашықтықта тұратыны  анықталған,
Астрономдар GRB сәулелену процесін Намибиядағы H. E. S. S. анықтауда телескоптар кешенін де пайдаланған. Бұл обсерватория жоғары энергиялы фотондар арқылы Жердің атмосферасына түскен бөлшектердің жабындыларына дейін тіркейді.
Бақылаулар мен зерттеулер сонымен қатар рентген мен гамма сәулеленуінің ұқсастығын тапты. Теориялар сәулеленудің екі компонентін де жекеленген ғарыштық механизмдер жасайды деп болжайды. Сондықтан гамма-сәулелену процестері электрондардың фотондармен соқтығысуынан пайда болады әрі олардың энергиясын арттырады деген шешімге келді.
Бірақ GRB 190829a сәулеленуінен кейінгі бақылаулар рентген және гамма сәулелері синхронды түрде жоғалып кеткенін де анықтады. Рентген және гамма-сәулелері ғарышта ғылымға белгісіз процестердің нәтижесінде пайда болған деп жатыр.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер