Ұзақ өмір сүрем десеңіз...

2715
Adyrna.kz Telegram

Д. А. Қонаев өз  сөзінде «Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір - өзен ағысын өзгертпейді” деп айтқан еді. Ал дәрігерлердің айтуынша, қарттыққа жету мен ұзақ өмір сүру үшін адамдар өз денсаулығына бала кезінен саналы түрде қарауы керек: темекі шегуден, алкогольді ішімдік ішуден аулақ және физикалық тұрғыдан белсенді, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Алайда, сіз қазір бала болмасаңыз да, өміріңізді максимумға дейін ұзартқыңыз келсе, келесі кеңестер сіз үшін өзекті болады.

Брест орталық ауданының №2 дәріханасы сіз үшін ұзақ өмір сүрудің 10 маңызды құпиясын дайындады. Олар денсаулық пен физикалық тонның жоғары деңгейін қалыптастыратын дұрыс әдеттер. Адам қалай ойласа, солай ол өзін сезінеді деген ескі ереже әлі де жұмыс істейді.

  • Режим. Бір ғажабы, адам денсаулығын түзегісі келгенде, дұрыс ұйқы және демалыс режимі бар орындарға, мәселен: санаторийлер, арнайы кестемен жұмыс істейтін демалыс орындары мен пансионаттарға барғаны абзал.
  • Азық-түлік. Күнделікті тамақ рационы қалыпты болуы керек. Яғни, ішектің жақсы жұмыс жасауы үшін күнделікті ішіп жүрген тағамдарыңыздың құрамында витаминдер мен минералдар, көп қанықпаған май қышқылдары (скумбрия, сардина, лосось, тунца, зығыр тұқымдары, күнжіт тұқымдары, жаңғақтар мен тұқымдар, зәйтүн майы, авокадо), ашытылған сүт тағамдары болуы керек.
  • Ойлау әрекеті. Белсенді интеллектуалды өмір – ең әуелі икемділік пен ойлаудың адекваттылығын ұзақ уақыт сақтауды қажет етеді.
  • Көтеріңкі көңіл-күй. Өмірдің қиындықтарына төзуді жеңілдететін оптимизм.
  • Шығармашылық, хобби немесе жай ғана сүйікті іс-әрекеттер психикалық белсенділік пен психологиялық жағдайға жағымды әсер етеді.
  • Ұйқы. Кумулятивті ұйқының болмауы денсаулыққа кері әсер етеді. Адам сергек және жігерлі болу үшін кем дегенде 6-8 сағат ұйқы қажет.
  • Жаман әдеттерден аулақ болу. Жаман әдеттерден арылу үшін мың қырық сылтау айтып, алтын уақытыңызды тәрік етпеңіз. Ұзақ мерзімде теріс іс-әрекеттер жасау денсаулық ақауларын тудырады және болашақта одан арылу мүлдем қиындай береді. Сол себепті, әдетке айналып бара жатқанын сезген сәттен-ақ, артқа шегіне беріңіз.
  • Физикалық белсенділік. Жаяу серуендеу және басқа да физикалық жаттығулар бүкіл күн үшін сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Оңай болу үшін сізге ең көп рахат әкелетін әрі ыңғайлы жаттығу түрін таңдаңыз.
  • Демалыс. Шаршап-шалдығып жүріп жұмысты аяқтауға тырысудың қажеті жоқ. Денсаулығыңызға зиян келтірмеу үшін кішкене болса да тынығып, өзіңізді өзге де дүниелермен алаңдатқан пайдалы.
  • Жағымды, көңілді және табысты адамдармен қарым-қатынас, әр жаңа күннен рахат алу мүмкіндігін молайта түсетіні анық. Сол себепті айналаңыздағы адамдардың да мінезіне мән беріңіз.

Қорытындылай келе, бір нәрсе айтуға болады. Жас шағыңызды ұзарту және ұзақ өмір сүру үшін денсаулықты сақтау маңызды, ал бұл үшін жоғарыда аталған барлық әдістер пайдалы!

Дина ЛИТПИН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер