Банк қызметкері клиенттердің ақшасын құмар ойынға салған

2369
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде банк менеджері клиенттердің шоттарынан ақша алып, құмар ойын ойнаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы мамыр айының басында полицияға бірнеше азамат қаржы мекемелерінің біріндегі шоттарынан ақшаның бір бөлігі жоғалып кеткендігі туралы арызданған. Полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қаржы мекемесінің 21 жастағы операторын анықтап, ұстады. Күдікті үш ай бойы төрт салымшының шоттарынан қолма-қол ақша жымқырған.

Салымшылар ақшаның жоғалғанын байқамауы үшін күдікті ақшаны 30 мың теңгеден бөліп-бөліп шешіп алған. Жалпы алғанда, күдікті жәбірленушілердің шотынан 1 млн 300 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген. Ұрланған ақшаны жігіт букмекерлік кеңселердегі құмар ойынға тіккен.

Барлық фактілер негізінде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер