Ресейліктер теннистің жарық жұлдызын дер уақытында қолдамағанына қазір өкініп жатқан тәрізді

2974
Adyrna.kz Telegram

Серена Уильямстың «Үлкен дулығаны» 24-і рет жеңіп, рекордты жаңартатын соңғы мүмкіндігі мүлт кетті. Қазақстанның 1-ші теннисшісі Елена Рыбакина 1/8 финалда Уильямсты қапы қалдырып, сенсация жасады.

Америкалық әйгілі теннисші Ролан Гарростағы өзінің үш титулының соңғысын 2015 жылы иеленіп, 2016 жылғы финалда жеңіліс тапқаннан бері Парижде төртінші раундтан аспай жүрген еді.

Ең алғаш Ролан Гарростағы дебютін 1998 жылы бастаған Уильямс, бұл жолы теннистен Францияның Ашық чемпионатында соңғы рет өнер көрсетіп отырғанын растап, ол туралы айтудан бас тартты.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Анастасия Павлюченкомен таласады. Бір қызығы, бұл қарсыластар «Ролан Гаррос» турнирінде жұптық сында бірге табысты өнер көрсетіп келеді. Олар қазір үшінші айналымға дейін өткен болатын.

Ресейліктер теннистің жарық жұлдызын дер уақытында қолдамағанына қазір өкініп жатқан тәрізді. Өйткені, ол әйелдер арасында әлемге әйгілі теннисші бола алатыны да анық.

JexeNews

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер