Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері пайда болды

766

Елорда әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің ең жақсы эскиз-идеясы байқауын осы жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеп.

Әкімдіктің хабарлауынша, байқау азаматтардың қызығушылығы мен қатысуын ескере отырып кеңейтілді.

Композитордың әртүрлі вариацияда бейнеленген жаңа эскиздері пайда болды.
Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) - төменгі бұрышындағы оң жақта «Кері байланыс» батырмасымен  сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com мекен-жайына жіберуге болады. Кез-келген адам қатыса алады.

Қалалық саябаққа талантты әнші және сазгер Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражатқа жүзеге асырылады.

Бұған дейін елордада Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі дүркін батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылған болатын. Ескерткіш Сарыарқа даңғылының бойында орналасқан (Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысында). Жобада мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс жасады. Ескерткіш қола мен граниттен жасалған. Онда Талғат Бигелдинов Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқыштың формасындағы жас жігіт ретінде бейнеленген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар