Екі пойыз соқтығысып, 36 адам қаза тапты (видео)

3825
Adyrna.kz Telegram

Пәкістан аумағында екі пойыз соқтығысты. Төтенше жағдай салдарынан 36 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға Синд провинциясында болды. Алдын ала болжам бойынша, экспресс пойыздардың бірі рельстен шығып, басқа пойызға соғылған. Жергілікті теміржол өкілдері апат салдарынан төрт вагонның рельстен шығып кеткенін айтты.

Апат болған Готка ауданы комиссарының орынбасары Усман Абдулланың айтуынша, соқтығысу нәтижесінде шамамен 14 вагон аударылып кеткен.

«Алты-сегіз вагон толығымен жойылды", - деді ол.

Куәгерлер өз кезегінде пойыз жолаушыларының көпшілігі соқтығысу кезінде ұйықтап жатқанын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер