Байқоңыр ғарыш айлағының директоры ауысты

6623
Adyrna.kz Telegram

Байқоңыр ғарыш айлағының директоры Валинур Агишев Восточный ғарыш айлағының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы» АҚ Бас директоры Руслан Мұхамеджанов Байқоңыр және  ғарыш айлақтарында жоспарлы тағайындаулар туралы бұйрыққа қол қойды. «Шығыс» ғарыш орталығы бөлімшесінің директоры болып бұрын «Оңтүстік» ғарыш орталығы (Байқоңыр ғарыш айлағы) филиалының директоры қызметін атқарған Валинур Агишев тағайындалды», - делінген хабарламада.

Байқоңырдың жаңа басшысы бұрын «Шығыстағы» жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор қызметін атқарған Сергей Мочалов.

В.Агишев Байқоңыр ғарыш айлағында 20 жылдан аса Қарулы күштерде қызмет етті. 2017 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін ол «Шығысты» басқарды.

С.Мочалов Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей Қарулы күштерінде қызмет еткен, ғарыш айлағындағы филиалда басшылық лауазымдарды атқарды.

2018 жылдан бастап Восточный ғарыш айлағында жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор лауазымында жұмыс істеді.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер