Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына дрондармен соққы жасады

4120
Adyrna.kz Telegram
Иранның әуе-қорғаныс күштері соңғы айларда бірнеше рет әскери ұшақтардың көмегімен Ирактағы АҚШ-тың базаларына дрондармен соққы берді. Бұл жайында New York Times арнасы ақпарат таратты.
News.day.az порталының мәліметінше, Иран тарапынан ұшқан бомбалаушы дрондар әскери базалардың маңында жарылып, сынықтары шашылып қалған. АҚШ-тың мамандарының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұшырылған дрондардың барлығы Иран технологиясымен жасалған болып шықты.
Аталған ақпараттарға қарағанда, Иран тарапынан ұшырылған дрондар 14 сәуірде Эрбилдегі әуежайға, 8 мамырда Ирактың Анбар провинциясындағы Айн аль-Асад әуе базасына, сондай-ақ АҚШ-тың арнайы операциялар жүргізетін күштері пайдаланатын Эрбилдің солтүстігіндегі әуе базасына келіп түскен.
Аталған оқиғалардан кейін АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирак әскери күштеріне бірқатар нысандарды, соның ішінде әуе базаларын және коалиция әскери кеңесшілерінің штаб-пәтерін тапсырды, деп хабарлады News.day.az порталы.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер