Йемендік күштер Сауд Арабиясының әскерін талқандап, қырып салды

6627
Adyrna.kz Telegram

Йемендік хуситтер немесе ресми түрде "Ансар Аллах" тобы ел аймағындағы Сауд Арабиясының әскери күштеріне соққы жасап, қарсы шабуылға шықты. Бұл туралы батыстық БАҚ-тар жазуда. Саудиялық күштерге қарсы шабуыл барысында хуситтер айтарлықтай жетістікке жеткен.

Джизан аймағындағы ұрыстың видеосын хуситтер арнайы жариялады. Ұрысты олар арнайы дрондар арқылы да түсірген.  Ұрыс барысы түсірілген видеолар мен оның скриншоттары әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Қарымта соққы жасау негізінде хуситтер Йеменнің 150 шаршы шақырымын Сауд Арабиясының әскерінен азат еткен. 40-тан астам әскери бекеттерді басып алып, 60 әскери техниканың көзін жойған. Сауд Арабиясының күштері 200-ден астам сарбазынан айырылған.

Йемендегі азамат соғысы 2014 жылы басталып, әлі жалғасып жатыр. Сауд Арабиясы бастаған 10 елдің коалициясы Йемендегі хуситтерге қарсы операция бастағанымен айтарлықтай жетістікке жетпеді. Соңғы уақытта хуситтер Сауд Арабиясына қарымта соққы жасап, мұнай орындары мен әскери нысандарына зымыран және дрондармен соққы жасауда.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер