Путин: АҚШ империялар жасайтын қателікті жасауда

4004
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-та империяларға тән мәселелер туындап жатыр деп ойлайды. Олар өз күштеріне сенімді болғаны соншалық, шешімі жоқ мәселелерді өздеріне жасап жатыр дейді ол. Бұл туралы ол Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында әлемдік ақпарат агенттіктерінің басшыларымен болған кездесуінде мәлімдеді. 

"Біз Конгресстен бастап өзге де мінберлерден жалғасып жатқан қатер мен үркітулер жайлы жиі естиміз. Мұның бәрі АҚШ-тың ішкі саяси процестерінің барысында жасалады. Осыны жасайтын адамдар, АҚШ-тың әскери. саяси, экономикалық қуаты мықты, барлығына шыдап береді деп ойлайды.

Сіз мәселелердің қандай екенін білесіз бе? Мен сізге бұрынғы Кеңес Одағының бұрынғы азаматы ретінде айтайын. Империяларда қандай проблема бар - олар өздерін соншалықты күштіміз деп ойлайды, сондықтан да кішігірім олқылықтар мен қателіктерге жол берсек ештеңе етпес деген пайымды ұстанады. Біреулерді сатып аламыз, енді бірімен келісімге келеміз, біреуді қорқытамыз, ал бірін әскери кемелерімізбен үоркітеміз деп санайды. Расымен бұл олардың мәселелерін шешеді. Алайда мәселелер саны артып келеді. Күндердің күнінде оларды шеше алмайтын деңгейге жетеді. Америка Құрама Штаттары сенімді жүрісімен, нық қадамымен Кеңес Одағының жүрген жолмен келе жатыр", - деді Путин.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер