Журналист Ержан Байтілес саяси қызметке тағайындалды

3039
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президентінің Баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Солайша мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр», - деп жазды ол.

Ержан Байтілеске жаңа жұмысында толағай табыс тілейміз!

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер