Фируза Шарипова WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

2616
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы жаңартылған рейтингісінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақта ирландиялық Кэти Тейлор – әйелдер арасында абсолютты әлем чемпионы. Шарипова екінші орыннан біріншіге қатарға көтеріліп, WBA тұжырымы бойынша Тейлормен жекпе-жектің міндетті үміткері атанды.

Ирландиялық боксшы алдыңғы жекпе-жегін британиялық Наташа Джонасқа қарсы өткізді. Бұл жекпе-жек тең дәрежеде өтіп, ирландиялық әйел минималды есеппен жеңді: 96-95, 96-94, 96-95. Негізгі гонорар (бонусты қоспағанда): Тейлор – 1,38 миллион доллар, ал Джонас – 485 мың. Егер Фируза Шарипова Кэти Тейлормен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетсе, жеңіл салмақтағы басты төрт белбеудің басын қосады.

Бұл Қазақстан үшін жаңа рекордтық жетістік болмақ. Ең танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тек үш негізгі титулға ғана ие болған. Шарипова кәсіпқой мансабындағы басты мақсаты әлемнің абсолютты чемпионы болу екенін мәлімдеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер