Түркия Солтүстік Кирпге әскери әуе күштері базасын салып жатыр

3333
Adyrna.kz Telegram
Түркияның Солтүстік Кирпге салып жатқан әскери әуе күштері базасы негізінен дорндар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды ұшырып, сынақтардан өткізуге арналған деп хабарлады, CNNTürk агенттігі.
Кипр-түрік әуежайы 1974 жылдан бері Түркияның меншігінде болып есептеледі. Бұл әскери әуе күштері базасының салтанатты ашылу шарасы 20-шы маусымға, яғни Кипрдің бітімгерлік операциясының 47 жылдығына арналмақ.
Гечиткале әуежайын дрондар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың әуе базасына айналдыру туралы шешім 2019 жылы екі елдің теңіз шекарасын қайта қарау туралы "Теңіз келісіміне" қол қойғаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды CNNTürk.
Осы уақытқа дейін Түркияның оңтүстік Мугла провинциясындағы Даламан әуе базасы дрондарды ұшыру үшін пайдаланылып келді.
Қосымша күштердің дайындығын қамтамасыз ететін жаңа база қолданысқа берілгеннен кейін онда дрондарды күрделі жөндеуден өткізетін механикалық цехтар салынып, оқ-дәрілер сақтайтын қоймалар да қызметін атқаратын болады. Бұл әскери әуе базасына F-16 ұшақтарын ұшырып, қондыру процестері де іске асатын болады деп мәлімдеді, CNNTürk агенттігі.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер