Вашингтон мен Пхеньян арасында да ерегіс басталды

2667
Adyrna.kz Telegram
Пхеньян Вашингтонның Сеулге баллистикалық зымырандарды дамыту бойынша серпін беріп отырғанын айыптап, бұл процесті тездетіп тоқтатуды талап етті. Бұл АҚШ-тың Солтүстік Кореяға тікелей жасап отырған жаулығы мен шабуылы деп мәлімдеді Солтүстік Корея билігі.
Ал, Оңтүстік Корея тарапы болса, "Корей түбегінің әуе қорғанысы мен теңіз қорғанысы кімнің қолына өтетінін әрі түбектің шын мәніндегі қожайыны кім екенін жақында көрерсің" деген сыңай танытып отыр.
Солтүстік Корея билігі АҚШ-тың Оңтүстік Кореяда баллистикалық зымырандарды қоректендіріп, өзінің конфорнтациясын іске асырып, Солтүстік Кореяның ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіріп, БҰҰ-ның резолюциясын бұзып отыр деп айыптап отыр. КХДР билігі АҚШ-тың бұл геосаяси қадамы Корей түбегінде соғыстың отын тұтатып, түбінде аласапыранға алып баруы мүмкін деп мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден мен Оңтүстік Корея лидері Мун Чжэ Ин Оңтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарын дамыту процесі бойынша жасалған келісімді тоқтатуға келіскен болатын.
АҚШ пен Оңтүстік Корея арасында 2012 жылдан бастап 300-ден 800 шақырымға дейін ұшатын баллистикалық зымырандарды бірлесе отырып дамыту бойынша келісім шарт болған. Қазіргі уақытта бұл келісім шарт бойынша екі ел арасындағы зымырандарды шығару көлемі мен оны ұшыру қашықтығы көздеген межеден асып кеткен. Бұл процесс Солтүстік Корея билігін алаңдатып отыр.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер