Ресей сарбаздарына жасалған шабуыл: қаза тапқандар бар

6452
Adyrna.kz Telegram

Орталық Африка Республикасындағы жарылыс салдарынан үш ресейлік қаза тапты. Жергілікті медициналық ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыс елдің солтүстік-батысында орналасқан Бандиба ауылында болған.

Екі полиция машинасы жолда орнатылған минаға түсіп қалған.  Жарцылыстан бес адам қаза тапқан, оның ішінде үш Ресей азаматы және екі ОАР полиция қызметкері бар. Тағы бес жолаушы жарақат алып, ауруханаларға жеткізілген.

Желтоқсан айының соңында ОАР-да парламенттік сайлаудың бірінші кезеңі мен қазіргі мемлекет басшысы Фаустин Арменс Тоуадера жеңімпаз деп табылған президенттік сайлаулар өтті. Оппозиция мен қарулы топтар сайлау нәтижесін мойындамады. Үкімет көтерілісшілердің ел астанасы Бангиге шабуыл жасамақ болған әрекеттері туралы хабарлады. ОАР органдарының талабы бойынша Ресей ОАР-ға жергілікті әскери кадрларды даярлау үшін қосымша 300 нұсқаушы жіберді. Қазіргі таңда олар ел астанасын қорғау мен көтерілісшілер қолындағы аймақтарды азат ету операцияларына қатысуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер