Қостанайлық 1,5 жасар сәби құдыққа құлап қайтыс болды

2233
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда бір жарым жасар сәби үйдің ауласындағы құдыққа құлап қаза болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қаралы оқиға 24 мамырда Федоров ауданының Костряков ауылында болған. Облыстық Полиция департаменті сәбиді әкесінің тауып алғанын хабарлады. Алайда оны құтқарып қалу мүмкін болмапты.

«Аталған факт адам өлімі ретінде қарастырылып, қылмыстық құрам белгілері бойынша тіркеуге алынды», - делінген хабарламада.

Сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Отбасы толық, есепке тұрмаған, бұрын-соңды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылмаған. Қайғылы оқиға болған кезде сәбидің ата-анасы үй шаруаларымен айналысып жүрген», - дейді полиция департаментінің өкілдері.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер