Шарындағы селден мұғалім мен оқушы қаза болды

2960
Adyrna.kz Telegram

Шарын шатқалындағы селден Алматы қаласындағы гимназияның мұғалімі мен оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, қаладағы №199 гимназияның 8 оқушысы Шарын шатқалына экскурсияға шыққан. Олардың жанында 5 ата-ана мен 3 мұғалім болған.

«Қайғылы оқиға салдарынан бір оқушы мен бейіндік пән мұғалімі көз жұмды, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Білім министрлігі қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Оқу жылы аяқталған кезде мұғалімдер мен ата-аналар өз сапарларын жоспарлап қойған болар. Осы ретте өздеріңізге және балаларыңызға сақ болуды сұраймыз. Мүмкіндігінше абай болып, балалармен демалуға не экскурсияға барғанда, су қоймаларына түспеген абзал. Сонымен бірге қауіпті аймақтарға жақындамай, әрдайым балаларыңыздың жанында болыңыз», - дейді ведомство.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер