55 мыңнан астам адам: Елімізде жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленбек

2769
Adyrna.kz Telegram

Елімізде биыл 55,7 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы рәсімдеген. Олардың ішінде 33,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Заң бойынша Қазақстанда жұмысынан айырылған адамдарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем төленеді.

Төлем алу үшін орындау керек:

- eGov.kz порталына тіркелу;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» атты қызметті таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінім жіберу;

- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін ХЖҚО қызметкері хабарласады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер