Үндістанда жаңа індет тарап, мыңдаған адамның көзін оюда

1923

Үндістанда ковидтен жазылып шыққандар «қаракүйе»(мукормикоза) атты індетке шалдығып жатыр. Бұл індет 44 штаттың 37-не таралып, 11 717 адам індетке шалдыққан, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл індет жұққанда адамның миына шаппау үшін көзін ойып алып тастайды екен.

Мамандардың айтуынша, бұл дертке коронавирустан жазылған азаматтардың шалдығуы жиілеген. Сондықтан ауру коронавирусты емдеу кезінде қолданылған дәріден болуы мүмкін деген болжам бар. Жалпы бұл ауру әдетте топырақта, өсімдікте, шіріген жеміс-жидекте кездесетін микробтан тарайды екен.

Ауруға шалдыққан адамның көзі мен мұрындары қызарып, басы ауырып, жөтел, демікпе пайда болады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі мукормикоз инфекциясын ресми түрде эпидемия деп жариялайтынын хабарлаған болатын.

Аурудың тез таралуына жергілікті климат та жақсы жағдай жасап отыр деген болжам бар. Себебі қара зең қоздырғышына жылу мен жоғары ылғалдылық қажет екен. Үндістандағы күн райы қазір тап сондай. Ауа қапырық әрі ылғалды.

Айта кетейік, қазірде 7 штатта эпидемия жарияланып, аталмыш аурудан 220-дан аса адам көз жұмған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы