Елімізде жемқорлық туралы хабарлағандарға 11 млн теңге беріледі

4002
Adyrna.kz Telegram

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың орын алуы жайлы хабарлаған азаматтарға берілетін сыйақы мөлшері артты. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментіндегі превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин елордадағы Antikor ortalyǵy алаңында онлайн өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша (Германия, Ұлыбритания, АҚШ) сыйақы сомасы сараланған сомаға айналды. Енді пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (2 млн 917 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейінгі соманы құрайды. Көрсетілген сомадан артық – сыйақы көлемі 10% - ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (11 млн 668 мың теңге) Бұрын сыйақыны көтермелеудің ең жоғары мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 мың 700 теңге) аспайтын», - дейді ол.

Аталған сыйақы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер