Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 26 мамырда ұйымдасқан қылмыстық синдикаттармен күресуге және мафия бастықтарына "елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік атмосферасына қауіп төндіруге жол бермейтініне" уәде берді деп хабарлайды Daily Sabah.
Анкарадағы билеуші Әділет және даму партиясының (АКП) парламенттік тобының отырысында сөйлеген сөзінде түрік лидері ішкі істер министрі Сулейман Сойлуды бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Ішкі істер министрі соңғы уақытта қылмыстық әлем серкесі Седат Пекердің ірі шенеуніктер мен олардың туыстарын жазғыра айтқан мәлімдемелерін айыптаған болатын.
"Түркия бұл арандатуларға қарсы тұрып, мафия бастықтарын елге қайтарып, олардың заң аясындағы жазаға тартады. Қылмыскерлер қай елде жүрсе де, біз оларды бақылап отырмыз" , — деді Ердоған.
"Адырна" ұлттық порталы