Цой жауап берді: Елімізде маска тағу режимі қашан аяқталады?

2181
Adyrna.kz Telegram

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі маска тағу режимінің қашан аяқталатынын Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бұл ең маңызды мәселелердің бірі шығар. Мұны күздің басына қарай тоқтатуды жоспарлап отырмыз. Қыркүйекке қарай халықтың басым бөлігін вакциналап бітуіміз керек. Кейбір елдерде халықтың 60 пайызына дейін вакцина салдырғанын және маска тағу режимін алып тастауға рұқсат етілгенін көріп отырмыз. Өйткені ұжымдық иммунитет бар. Осылайша адамдар бір-бірін қорғайды», - деді министр.

Сонымен қатар ол егер қазақстандықтар қазір бетперде тағуды тоқтатса, вирус тарала беретінін айтып өтті. Өйткені вакцина алмаған адамдар өте көп екен.

«Вирус адамнан адамға жұғады. Ал вакцина алған адамда вирустың таралуы тоқтайды. Егер адамдардың көпшілігі вакцина алса, вирус одан әрі басқа біреуге жұқпайды», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер