Әйелін кетпенмен ұрып өлтірді

3561
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның Самарқанд облысы Пайарық ауданында 30 жастағы ер адам әйелін кетпенмен ұрып өлтірді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы centralasia.media-ға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар үйдің ұзаққа созылған жөндеу жұмыстарына байланысты жанжалдасқан. Жанжал кезінде әйел кетпенмен күйеуінің иығынан ұрып жіберген. Ер адам намысына тиген әйелінің қолынан кетпенді тартып алып, оны маңдайынан ұрған.

Ер адам әйелі соққыдан құлағаннан кейін де оны әлгі құралмен ұруды жалғастырған.

Осыдан кейін қайын атасының үйінде тұрған жас жігіт ол жерден қашып кеткен. Оқиға туралы білген әйелдің туыстары оны ауруханаға жеткізген, алайда ол қайтыс болған.

Көп ұзамай ер адам аудандық полиция бөліміне өз еркімен барып, әйелін ұрғанын мойындаған.

Ер адам әйелінің өліміне кінәлі деп танылып, аудандық сот оны 18 жылға бас бостандығынан айырды.

 

 «Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер