Дәстүрлі "Ислам діні"- ұлтшылдық пен демократиялық еркін санаға мүлдем қарсы

3679
Adyrna.kz Telegram

Менің жекеме өзім сыйлайтын бауырым  неге антагонистік, яғни қарама-қайшы деген сауал жіберіпті. Тәуелсіз дін зерттеушісі ретінде бұл сұраққа жауап бермес бұрын ең әуелі қазақ қоғамында қандай дін яки діни бағыт постмодерн заманында технократтық прогресс пен заманауи ғылымдарға сәйкес-сай келеді деп қарастыру керек сияқты.

Менің субъективті пікірім бойынша, бірінші түркілік өркениет, яғни ата-бабамыздың ұстанған тәңіршілдік-монотеизм дүниетанымының онтологиясы мен философиясын жан-жақты терең зерттеу қажет. Себебі, өкінішке орай ресей-қытай тарихшылары мен идеологтары тәңірлік сенімді жабайы қоғамдағы мистикаға негізделген эклектикалық шаманизм және бақсы-балгерлікпен түсіндіреді.
Екінші тарих бойынша қазақтарға христиандық дүниетаным өте жақын және аталмыш құндылықтарды ата-бабаларымыз дәріптеп, күнделікті өмірде қолданған.
Мысалы 15 -ғасырға дейін христиан-несториан дінінде болған қазақ рулары:
1.Жалайырлар
2.Албандар мен Үйсіндер
3.Керей
4.Арғындар
5.Наймандар

6.Қоңыраттар
7. Уақтар
Атап айтсақ, христиандық-несториан бағытын тарихшы Махмуд Кашғари мен басқа да жазба деректерде ұлы жүздің жартысынан астамы мен бүкіл орта жүз дін ретінде қабылдағаны айтылған.
Ал дәстүрлі діни-саясиланған, яғни араб-парсы мәдениетіне негізделген Ислам дінінде ұлтшылдық пен демократияға қарсы - үммет (арабша-умма) сияқты ұжымдық идея үстем, яғни бәрінен биік тұрады. Меніңше  ұлттық рухы мен тілі асқақтаған, ғылым-білімі озық Һәм экономикасы дамыған, технократты мемлекеттердің қатарынан көрінгіміз келсе, қазақтар тәңірлік сенім мен христиан дініндегі протестанттық бағытты ұлттық деңгейде насихаттағаны жөн сияқты.

Егер тәңірлік (монотеизм) сенім қазақ ұлтын түркі халықтарының дүниетанымы мен мәдениетімен қауыштырса, ал протестанттық бағыт прогрессивті АҚШ пен Европа мемлекеттерімен жақындастырады.

 

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ,

"Демос"ҚБ төрағасы 

 

(Автордың діни көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді)

Пікірлер