Үндістанның 7 штатында мукормикоз эпидемиясы тіркелді

3288
Adyrna.kz Telegram

Үндістан саңырауқұлақ инфекциясынан туындаған ауру —  мукормикозбен күресуде деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

Эпидемия ресми түрде осы елдің жеті штатында жарияланған. Жалпы бұл елде «қара зең» деп аталатын инфекцияны 9 мыңнан астам адам жұқтырған. 220-дан астам адам аурудан көз жұмған.

BBC News-тің хабарлауынша, бұл инфекциядан өлім көрсеткіші 50 пайызға жетуі мүмкін. Мукормикозбен ауырған адамдардың кейбір жағдайларда шырышты қабығының зақымдануына байланысты көздерін алып тастайды, себебі ол миға зақым келтіруі ықтимал.

Қазіргі таңда елде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне байланысты Үндістан үкіметі дәрі-дәрмек шығаруға тағы бес фармацевтикалық компанияға лицензия беру туралы шешім қабылдаған. Ауруханаларда шұғыл түрде қосымша бөлімдер ашылуда.

Жергілікті билік инфекцияның таралуын бақылауда ұстап отырғандығын айтты. Бұл инфекцияны көбіне иммунитеті әлсіз адамдар, әсіресе, бұрын коронавируспен және диабетпен ауырғандар жұқтырады.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер