Алматыда жерасты онлайн-казиносын ұйымдастырған Грузиялықтар ұсталды

3740
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Грузияның екі азаматы бірнеше рет заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Тексеру барысында компьютерлік клубтан тыйым салынған кәсіп түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшалары бар интернет-казиноларға арналған 42 ойын компьютерлері анықталды. Атап айтсақ, ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеуге арналған онлайн-құмар ойындар", делінген Алматыдағы ЖСҚ хабарламасында.

Бұған дейін дәл осы мекен-жайда ойын залының сол адамдар ұйымдастырған заңсыз әрекеттері тоқтатылған болатын. Содан кейін 62 ойын компьютерлері мен 3 ойын терминалдары тәркіленді.

Грузияның екі азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (аса ірі көлемде табыс әкеле отырып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) Оларға 4,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп толықтырды департамент.

Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі үшін үй жалдаған үй иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын қарастыруда.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер